06
мамыр
2021
«Шынықсаң шымыр боласың»Дене жаттығуларын әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандыру. Балаларды батыл қимыл жасауға жігерлікке, төзімділікке баулып дене мүшелері (қол, аяқ, т.б) қозғалысын дамыту.
Жан –жақты тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады: қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді.
Денені жаттықтырудың бір түрі- шынығу. Денені шынықтыру балалардың денсаулығын нығайтады, сонымен қатар балалар денені шынықтыру арқылы шапшаңдылыққа, қимылды ойындар ойнағанда да тез жүгіруге, икемділігін арттыруға, бір қалыпты жүруін және аяқ- қол бұлшық еттерінің жақсы жетіліп өсуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесі балалардың ақыл –ойын, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек шат көңілді және белсенді болуына ықпал етеді. Біздің топта дене тәрбиесі сабағы аптасына екі рет өткізіледі