«Алматы-сүйікті қалам» ашық тәрбие сағаты » ГККП "Ясли сад №135"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№135 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 225-28-47
Әдіскер телефоны:
+7(727) 225-28-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы-сүйікті қалам» ашық тәрбие сағаты
23
қыркүйек
2020

«Алматы-сүйікті қалам» ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: Алматы ,елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, балалардың сөйлеу дағдысын арттыру; балалардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;  


Алматы – қып-қызыл апортымен аты шыққан әсем қала. Ол кез келген адам жанына рахат сыйлап, адамды өзіне әсемдігімен баурап алатын мәдени орын дарымен де көрікті. Жері қандай байтақ болса, жаны да сондай дархан қала, жұмақ қала десек те артық емеc. Әсіресе, түнгі Алматы жақұт шамдарын жаққанда, тіпті, құлпырып кетеді.  «Онсыз да ғажайып әсем көркімен кісіні баурап алатын Алматы, күннен-күнге құлпырып, жайнай түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Өнер мен білімнің қайнап жатқан ордасы, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналған, талай жастың көкірек көзін ашуға жол нұсқаған, талай қайраткерлерді, талантты тау тұлғаларды тәрбиелеген, аялы алақанға салып әлдилеген сұлу қала – Алматы. 

Похожие публикации: