Тыныс алу жаттығулары – әдемі сөйлеудің, денсаулық кепілінің басты негізі! Ересек "Жұлдыз" тобының тәрбиеленушілері » ГККП "Ясли сад №135"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№135 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 225-28-47
Әдіскер телефоны:
+7(727) 225-28-47
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тыныс алу жаттығулары – әдемі сөйлеудің, денсаулық кепілінің басты негізі! Ересек "Жұлдыз" тобының тәрбиеленушілері
08
сәуір
2021

Тыныс алу жаттығулары – әдемі сөйлеудің, денсаулық кепілінің басты негізі! Ересек "Жұлдыз" тобының тәрбиеленушілері

Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Көбінесе тыныс алу жаттығуы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балаларға көп көмегін тигізеді.

Кешенді тыныс алу жаттығулары әдеттегідей күнделікті ҰОІӘ кезінде және қосымша уақыттарда бірнеше рет өткізіледі.

  • Алдымен жаттығу үлкендер көмегімен орындалса, кейіннен өз бетімен орындалады.
  • Жүргізуші ретінде, бала ретінде балалар кезектесіп өткізеді. Орындалу уақыты - 5 мин.
  • Алғашында жеңіл түрінен басталып, күрделі түріне ауысады.