Консультативтік пунктің жылдық жоспары
Консультациялық пункт- бала, ата-ана, педагогтардың өзара ынтымақтастығы
Адам баласы – өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, яғни ынтымақтаста болуы маңызды. Қазіргі кезеңде бала тәрбиесі жүзеге асыруда тәрбиеленудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналармен семинар-кеңестер, тренингтер, отбасына саяхат, кездесулер, сауалнамалар ұйымдастырудың үлкен көмегі бар. Адамгершілік қасиетті бала бойына сіңіру балабақша мен ата-аналардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығының негізгі бағыттары: - Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру; - Баланың биімділігі мен отбасылық қажеттілігн есепке алу; - Баланы мектепке даярлауды ата-аналарға көмек көрсету бойынша жұмысын жүргізу. Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық - орнату барысында ата-аналарға арналған консультациялық пункт №135 балабақшасында 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап ашылды. Ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында, балабақшамызда бала-бақшаға бармайтын балалар және олардың ата-аналарына тегін кеңес беретін жұмыс ұйымдастылды. Ол үшін «Ауэзов» шағын аудандары балабақшаға қараған территориялық 3 жастан 6 жасқа караған балалардың тізімдері жинақтап жасалды. АКП-ға ұйымдастырылмаған жұмысты жасайтын педагогтар мен жұмыс жоспары құрылды, міндеттер бөлініп берілді, балабақша әдіскері Г.К.Тайтелиеваға АКП жұмысын жүргізу тапсырылды. Ата-аналарға арналған консультациялық пункт – бұл ең бала, ата-ана, педагог арасындағы ынтымақтастық , балабақшаға бармайтын үйдегі тәрбиедегі балаларды ортаға тарту және мектепке даярлау үшін ұйымдаспаған балалары бар жанұямен өзара қарым--қатынасты орнату. АКП қызметін мамандар тарапынан интеграциялау барсында сараптама жасалып директор, әдіскер, медбике, пән жетекшілері және топ тәрбишілері тартылып міндеттері белгіленді. АКП жұмысында - педагогикалық, медициналық сауықтыру, психологиялық педагогикалық бағыттарын қамтиды. Ата-аналарға арналған консультациялық пунктті ұйымдастырудың формалары: жеке, топаралық , топтық.
1. Сауалнама жүргізу - бала мен отбасы туралы төмендегі бөлімдер бойынша деректер алуды қарастырады, бала туралы жалпы мәлімет, анамнестикалық деректер, отбасының баланың дамуына әсері, отбасының мамандармен ынтымақтастыққа дайындығы сипаттамасы. 2. Лекциялық-ағартушылық жұмыс мынадан тұрады: – тәрбиенің нақты жағдайларында баламен әрекеттестіктің әртүрлі формаларын қолдану бойынша ұсыныстар; - отбасы жағдайында психологиялыцқ-педагогикалық жәрдем беру. 3. Көрнекілік-ақпараттық жұмыс-тақырыптық кітаптар көрмесі, ақпараттық стенділер, ата-аналармен жиналыс өткізу. Үйретушілік кезең отбасыны психологиялық-педагогикалық қызметке рет-ретімен тартуды қарастырады. Міндеттері-мектепке дейінгі балалар дамуының психикалық , дене және сөйлеу дамуы проблемалары туралы жалпы білімін кеңейту, отбасында баламен жұмыс істеудің кейбір педагогикалық тәсілдеріне үйрету , мектепке даярлық біліктері мен дағдыларын қалыптстыру және баланың отбасылық тәрбиесі барысында тіл дамытуға баулу. Бұл кезеңдегі педагогтер қызметінінің нәтижесінде –балалардың жан-жақты дене жағынан, жеке басының және зияткерлік дамуындағы бірлескен жұмыстағы ата-аналардың өз рөлін дұрыс түсінуі, балаларда мектепке даярлығының қалыптасуы, сондай-ақ оларды мектепке дейінгі балалар дамуының бастапқы білімдерінің болуы қарастырылады. АКП кеңес беру-ұсыныс жасау қызметі мамандарының басты қызметі – тақырыптық кеңес беру, отбасы сағаты, жеке және топтық сұхбатар, кеңестер берулер, ата-аналарды түрлі мамандар сабақтарына қатысуға шақыру. Көрнекілік-ақпараттық формасы- мектепке даярлық бұрышын, жылжымалы папкаларды безендіру. Үйретуші кезеңідегі АКП мамандары қызметінің нәтижесі- ата-ананың отбасында баламен қарым-қатынас жасау негіздерін меңгеруі, бала мінез-құлқындағы жеке бастық өзгерістерін саналы түрде бағалауға байланысты біліктерінің қалыптасқандығы. Қорытынды кезең төмендегі міндеттерін шешеді: - баланың отбасымен жұмыстың тиімді тәсілдерін аңықтау; - ата-аналардың үйрету барысында алған білімдерін балаларын дамыта оқыту және - оларды мектептік маңызды дағдыларды қалыптастыруда пайдалануға дағдыларды; - ата-аналардың мамандар ұсынған тапсырмаларды үй жағдайында орындауына бақылау жасауда әртүрлі формаларды қолдану. Сөзімді қорыта келе: балабақшаларда АКП-ны ұйымдастыру мектепке дейінгі барлық балалардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға, отбасылық тәрбиеде қателіктердің орын алуына жол бермейді және ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге жәрдемдеседі. АКП шараларына қатыса отырып, ата-аналар өздерінің бала тәбиесі тақырыбында білімдерін көтереді, өз баласымен қарым-қатынас жасауды үйренеді, оның жеке басын, мүдделері мен талаптарын сыйлауды, отбасылық қарым-қатынас қиыншылықтарын жеңе білуді, өзінің педагогикалық сауаттылығын арттырады. АКП 3 жылдық жұмысын сараптай келе жетістіктеріміз: 1. Балабақша, ата-ана, педагогтар арасында тығыз қарым-қатынастың орнауы. 2. Педагогтар білімінің көтерілуі. 3. Тәжірибе алмасу. 4. Балалардың балабақшаға келгенде ортаға тез бейімделуі. 5. Балалардың өз құрбы құрдастарымен қарым-қатынас жасауы және мектепке психологиялық дайындығы. Балалар – ел болашағы келешектің иесі. «Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей»,- дейді халқымыз. Бүгінгі қоғам мүдесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойына ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру баршамыздың міндетіміз. 12 жылдық білім беру табалдырығын аттағалы тұрған сәтте ұрпақ болашағына жауапкершілікпен барынша көңіл бөліп, қолдағы бар мүмкіндікті жасау біздер ата-ана мен педагогтар, басты міндет екенін естен шығармау парызымыз. АКП жұмысы арқылы баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төменгі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру нәтижесіне жетеді . АКП жұмысы балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыс жоспары негізінде, ата-аналардың педагогикалық және психологиялық және медициналық сауаттылығын көтеру, оқыту үшін жүреді. Ол үшін ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын мамандар қызметін интеграциялау қажет. Балабақшамызда тәжиреибелі мамандардан құрылған топ бала, ата-ана, педагог арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыратын басты тұлғалар. Ата-аналарға берілетін әрбір кеңес, әңгімелесу, тесттер, анкеталар, ашық есік күні, байқаулар, ермектік ойын - сауықтар , жарыстар т,б шаралар ата-аналар үшін тиімді және түсінікті болу басты шарт. АКП жұмысында ата-аналар қалауы бойынша 3 формада жұмыс жасайды жеке, топтық, топаралық. АКП ата-аналарды пегагогикалық үрдіске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеді. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының тұрмыстық жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі. Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс әрекеттеріне қалыптастырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген сұрақтар «іске қосылады». АКП педагогтары арнайы жабдықталған бөлмелерде ата-аналар балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеттерін қалай дамыту керек екенін әр түрлі іс-әрекеттер арқылы көрсетеді. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастырады. Балалар шығармашылығын дамытуды қалай және қай жастан бастау керек екенін мамандар арқылы кеңес алады. Ата-аналармен жүргізілген жұмыстарда ата-аналар балалар болып жұмыстар жасайды. Үш жыл қатарынан жұмыс жасап келе жатқан АКП пунктіне келген әр ата-ананың сұранысы орындалып жыл соңында мамандар тарапынан сараптама жасалып отырады. АКП бізге не береді: - Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету: - Балалардың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық-физикалық денсаулығын қамтамасыз ету: - Баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету; - Отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету; - Балалармен бірлескен шығармашылық іс-әрекет түрінде қамтамасыз ету. - Баланың ортаға тез бейімделуі, құрдастарымен қарым –қатынасын нығайту. «Еліңнің келешегін айтайын, бүгінгі тәрбиелеген балаңды көрсет» деп Төле би айтса, «Ел болам десең - бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай нақты түйіндеген серіктестік пен ынтымақтастықтың негізінде балабақшамен қамтылмаған балалары бар отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға берілетін талаптар нақты болған жағдайда бала, ата-ана, педагог ынтымақтастығы орнайды. Тәрбие жүйелі және нәтижелі болады. |